Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
🆘🆘🆘 Қазақстанға коронавирустың Үнді штаммы келді ‼
Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз.
Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда.

Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз.

Мардан Сапарбаев институты филология кафедрасыда «Русская речь» студенттік үйірмесі ұйымдастырылған. Үйірменің негізгі міндеттерінің бірі –шығармашылық белсенділікті дамыту, болашақ мұғалімдердің көркемдік талғамын, әдеби дүниетанымын және креативті ойлауын шыңдау болып табылады.

2020 жылдың 25 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті мамандығының Ря 20-1 тобының студенті Мадышанова Алия Омаровна Чехияның Теплице қаласында өткізілген «Педагогикалық лира» халықаралық әдеби байқауына қатысып, конкурс лауреаты атанды. Мадышанова Алия Омаровна «Педагогикалық лира» халықаралық әдеби байқауының лауреаты медалімен, Халықаралық әдеби конкурс лауреатының дипломымен және жарияланым туралы сертификатпен марапатталды, өз өлеңдерін мерзімді түрде «Culture, education, literature19», «Culture, education, literature 21» ( MSBooks Publishing, Winnipeg баспасы, Canada, 2020 ж.) электронды журналдарда  жариялайды. http://perspektiva-plus.pro/index.php/konkursy

Институт ұжымы Мадышанова Алия Омаровнаны шын жүректен құттықтайды және «Русская речь» студенттік үйірмесінің жетекшісі Мамирова Шарапат Қалибековнаға алғыс білдіреді!

        Мардан Сапарбаев институты филология кафедрасының ұйымдастырумен 2021 жылдың 18 ақпан күні сағат 14:00-де «Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік (онлайн) семинар өткізілді.
Ресейдің Тамбов қаласының филолог ғалымдары (Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасы – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында) белсене атсалысқан Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда 60-тан астам қатысушы болды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарының тілтанушы ғалымдары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Нұр-сұлтан қ.), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі кафедрасы), Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (Түркістан қ.), «Мирас» университеті, сондай-ақ аталған жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары мен филолог студенттері қатысты.
Сонымен қатар, семинар жұмысына Шымкент қаласындағы Мардан Сапарбаев атындағы №14 жалпы орта мектебі, Н.Оңдасынов ат. № 38 мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта мектебі, № 75 мектеп-гимназиясы, Гуманитарлық – агроэкономикалық колледждерінің мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушілері және мектеп директорлары, Мардан Сапарбаев институтының бөлім меңгерушілері, кафедра оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.
            Семинар модераторы және ұйымдастырушысы, филология ғылымдарының кандидаты, филология кафедрасының доценті Елибаева Раушан Дуйсеновна «Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарды ашу үшін Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қазанбаева Жанара Сапаргалиевнаға сөз берді, ол қатысушыларды семинардың ашылуымен құттықтап, семинар жұмысының жемісті болуына тілектестігін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі Державин атындағы ТМУ-нің профессоры Щербак Антонина Семеновнаға берілді. Ол өз сөзінде доцент Р.Д.Елибаеваның ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесін және семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
           Сондай-ақ, түркология кафедрасының профессоры Мұсабекова Урзада Абилькасимовна және филология ғылымдарының докторы, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Агманова Атиркуль Егембердиева құттықтау сөз сөйлеп, мұндай семинарлар тіл білімі мен әдебиеттану саласында тәжірибе, тың идеялар мен шешімдер іздеу үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың бірігуіне ықпал ететіндігін атап өтті.
               Г.Р. Державин ат. Тамбов атындағы мемлекеттік университетінің (Тамбов қ., Ресей) орыс тілі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, филолог-ғалымдары семинардың басты қонақтары әрі қатысушылары болды, оның ішінде, орыс тілі кафедрасы меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Щербак Антонина Семеновна және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Моисеева Лариса Сергеевналар мазмұнды және қызықты баяндамалар ұсынды.
Мардан Сапарбаев институты қонақтарға терең мазмұнды және өзекті баяндамалары үшін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Калдыкөзова Сандугаш Еркинбековнаға, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аметжанова Гүлмира Ануашевнаға өз ризашылығын білдіреді және бұл ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетіндігіне сеніммен қарайды.
                Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері қызу талқыланған семинар үш сағаттан астам уақытқа созылды.
Семинардың жауапты модераторы және ұйымдастырушысы – ЕЛИБАЕВА РАУШАН ДУЙСЕНОВНА – филология ғылымдарының кандидаты, филология кафедрасының доценті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұсынысы бойынша 23.12.2020 ж. Мардан Сапарбаев институтында "Радиация және оның адам өміріндегі рөлі"тақырыбында семинар өтті. Семинарды білікті оқытушы, магистр А.Е. Тенгебаева жүргізді. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықты пікірталас өткізіп, жауаптар алды.

Введите текст заголовка

Введите текст заголовка

Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.