Біздің еліміздің экономикалық белсенді халқы 8,5 млн.адамды құрайды, оның ішінде 2,1 млн. (24,7%.) - 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Олардың ішінде 502,3 мыңы — өзін – өзі жұмыспен қамтыған жастар және 20,7% (104,2 мың) - өнімсіз жұмыспен қамтылғандар.
Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың 50% - ында арнайы, орта және жалпы білім бар, ал 22% - ында жоғары білім бар. Жұмыссыз жастардың 63% - ның кәсіптік орта және жоғары білімі бар, 37% - ның кәсіптік білімі жоқ.
Қазіргі уақытта оқымайтын және жұмыс істемейтін жастармен (NEET) проблемалар бар. NEET санатындағы (15-28 жас) жастар үлесінің өсу үрдісі байқалады: егер 2011 жылы олардың жалпы жастар санынан үлесі 7,8% құраса, 2016 жылдың 4-тоқсанында 10% құрады. (По данным Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан).
Сарапшылардың пікірінше, аталған проблемалардың себептерінің бірі оқу орындарының түлектері арасында тиісті кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының болмауы болып табылады.
Осы проблеманы шешу мақсатында республиканың барлық өңірлерінде білім беру мекемелерінің түлектері үшін "ТҮЛЕКТЕР тағдыры" үлгілік жобасын іске асыру ұсынылады.
жобасының мақсаты-ақпараттандыру арқылы қажетті мамандықты таңдау үшін еліміздің білім беру мекемелерінің түлектеріне кәсіби бағыт беру.
Жобаның міндеттері:
Түлектерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдау үшін жан-жақты жағдай жасау;
Түлектерге кешенді ақпарат беру бойынша құзыретті органдардың мүмкіндіктерін тарту;
Жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Ақпараттандыру арқылы қажетті мамандықты таңдау үшін еліміздің білім беру мекемелерінің түлектеріне кәсіби бағыт беру;
Еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін көрсете отырып, жұмыс іздеу үшін жағдайлар жасау;
Жас мамандарға бағытталған мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктерін ұлғайту, сондай-ақ жастар үшін болашақ мамандығын саналы түрде таңдау үшін жан-жақты жағдайлар жасау;
Қазіргі заманғы еңбек нарығы туралы және бүгінгі күні өңірлерде және республикада сұранысқа ие мамандықтар туралы оқушылардың хабардар болу деңгейін арттыру.
ПЕДАГОГИКА | ЭКОНОМИКА |
Құқықтану | ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ДИЗАЙН |
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ | ФИЛОЛОГИЯ |