Тестілеу бөлімі құрылымдық бөлім болып табылады және Тіркеу Кеңсесінің құрамына кіреді. Тестілеу бөлімі оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ОБАЖ) пайдалана отырып, студенттердің емтихан сессиясының және ректорлық бақылауының электрондық кестесін құрастырады, студенттердің емтихан сессиясының кезеңінде компьютерлік тестілеуді ұйымдастырады және өткізеді, студенттердің академиялық қарыздарын қабылдайды,студенттерді электрондық сараптамадан өткізеді. Тестілеу бөлімінің негізгі мідеттері:
• ОБАЖ-ды пайдалана отырып, студенттердің оқу бағдарламаларын игеру деңгейін тексеру мақсатында электрондық тест технологияларын еңгізуді ұйымдастыру;
• ОБАЖ-да электрондық тест материалдарын қолдану процесіне бірыңғай ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық (бағдарламалық) қатынастарды қамтамасыз ету;
• электрондық компьютерлік тестілеу көмегімен студенттердің оқу сапасын тексеру мақсатында ағымдық,аралық,қорытынды ұйымдастыру және өткізу;
• электронды тестілеу технологиясы бойынша басқа мекемелермен және ұйымдармен іскерлік қатынас жасау.