Жазғы семестрге қатысуға жазылу құқығына төмендегі студенттер ие бола алады:
– рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша сессияға жіберілмеген;
– академиялық қарыздары бар;
– қайта қабылдау, ауыстыру, академиялық демалыстан оралу кезінде академиялық айырмашылықтары бар.
Жазғы семестр нәтижесі бойынша көшіру балын (GРА) жинай алмаған студенттер қайта оқыту курсына қалдырылады.
Тіркеу кеңсесі жазғы семестрді ұйымдастыру және жазғы семестрге студенттерді тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:
– жазғы семестрге қатысатын студент өтініште курс пен курс бойынша жүргізілген төлем ақыны көрсете отырып тіркеледі;
– жазғы семестрдің сабақ кестесі академиялық күнтізбеге сай құрастырылады.
Жазғы семестрде игерілген мамандықтың оқу жоспарының пәндері бойынша емтихан нәтижелері көшіру балында (GРА) ескеріледі.
Оқылған пәндер бойынша студенттің жинаған барлық балдары транскрипте көрсетіледі.