Жоғары оқу орнының басшылығы, ең алдымен институт Президенті Г.С.Сапарбаева, ең күрделі жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдауға қабілетті білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, жаһандық экономиканың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын көшбасшыларды даярлау міндетін алға қойды.
Дәл осы жағдайларға байланысты сол кезде Қазақстан Республикасында сапалы және беделді экономикалық жоғары білім алуға бағытталған экономикалық кафедра ашу қажеттілігі туындады.
Қазіргі Экономика кафедрасының тарихы 1994 жылы «Экономикалық пәндер кафедрасы» ретінде құрылғанынан бастау алады.
2015-2016 оқу жылында институттағы құрылымдық өзгерістерге байланысты «Экономика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы «Экономика және құқық» кафедрасы болып қайта құрылды, оның меңгерушісі болып э.ғ.к., доцент А.А. Шадиева тағайындалды.
2016-2017 оқу жылында «Экономика және құқық» кафедрасы «Экономика» кафедрасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта кафедрада 34 ПОҚ жұмыс істейді, оның ішінде 1 экономика ғылымдарының докторы, 15 ғылым кандидаты, 4 доцент және 1 Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының профессоры, өндірістен 3 қызметкер.
Кафедрада білікті мамандарды даярлаумен және ғылыми зерттеулерді орындаумен байланысты өзекті мәселелерді шешуге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым қалыптасты.
Кафедра оқытушылары жүйелі түрде білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жасайды: студенттердің бойында кәсіби білім; кәсіби дағдылар мен құзыреттерді қалыптастырады; зияткерлік деңгейін; жалпы білім беру-мәдени деңгейін; коммуникабельдік, адамгершілік деңгейін жоғарылатады.
Кафедрадағы оқу үдерісі мен оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылған. Кафедраның дамуындағы мақсатты бағыттар: пәндер мазмұнының ғылыми және практикалық маңыздылығының өсуі; әдістемелік қамтамасыз ету, ғылыми тақырыптар мен оқу құралдарын әзірлеудегі корпоративтілік болып табылады.
Мысалы, кафедраның 2016-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмысы келесі тақырыптар бойынша бекітілді:
1. «Арыс қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі Кешенді жоспары» (құны 2,0 млн.тг.) Орындаушылар: Қыдырова Ж.Ш.., Шадиева А.А., Демеубаева А.О., Еркебалаева В.З.
2. 01.01.2016-31.12.2020 ж.ж. кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Оңтүстік Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы жағдайында жергілікті басқару органдары мен қаржы институттары жүйесін реформалаудың теориялық және қолданбалы аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізіледі. Кафедраның барлық оқытушылары осы тақырыпты әзірлеуге қатысады.
3. 10.01.2019 жылдан бастап 31.12.2019 жылға дейінгі кезеңде «MagNalMedical» ЖШС-мен (құны 100 мың теңге) шаруашылық шарт негізінде «Шымкент қаласының медициналық қызметтер нарығын зерттеу және оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл жұмысты келесі оқытушылар орындады: Ж.Ш. Қыдырова.., Шадиева А.А., Демеубаева А.О., Еркебалаева В.З., Исахметова А.Н., Молдогазиева Г.М. Туракулова Л.Р., Казанбаева Ж.С.
Мардан Сапарбаев институты мен Жалал–Абад мемлекеттік университеті арасындағы 21.01.2019 жылғы Халықаралық ынтымақтастық туралы шарт негізінде 2019 жылғы ақпан-сәуір аралығында Жалал-Абад мемлекеттік университетінің профессоры, э.ғ. д. Зулпухаров Аманқұлдың дәрістері on-linе режимінде өткізілді.
«Экономика» кафедрасының оқытушылары А.А. Шадиева мен А.О. Демеубаева 22.05.2019-07.06.2019 ж.ж. аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (Қырғызстан, Жалал-Абад қ.) «Экономика-құқық» факультетінің «Қаржы және несие» кафедрасында болды.
2020 жылдың 25 ақпанында э.ғ. к., Жәңгір хан университетінің доценті Хусайнов Берік Мерғалиұлы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Қаржы»мамандықтары үшін Менеджмент пәні бойынша дәріс оқыды.
Философия докторы, академик Lorant Denes David пен Институт арасында жасалған келісімшарт негізінде 2020 жылдың 24, 26 қарашасында және 4 желтоқсанында «Туризмдегі маркетинг жүйесіндегі баға саясаты» және «Туризмдегі маркетинг жүйесіндегі жарнама» тақырыптарына ZOOM платформасы арқылы онлайн дәрістер өткізілді.
Кафедра келесі бағыттар бойынша мамандарды даярлайды:
– 6В04103 – » Қаржы, экономика, банктер және сақтандыру ісі»;
– 6В050900/6В04131- «Қаржы»;
– 6В04102 – «Аудит және салық салу»»;
– 6В050800/6В04130″ -«Есеп және аудит»;
– 6В090200 / 6В11102″ – «Туризм;
– 6В04101 – «Менеджмент және басқару»»;
– 6В051000 / 6В04132 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару».
Студенттер қалалық деңгейде өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған «Брейн-Ринг» шарасына «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды.
2016 жылдың қыркүйек айында облыс көлемінде ОҚО әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімімен «Экономика» кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері қатысқан «Брэйн-ринг» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып, жүлделі екінші орынға ие болды.
«Экономика» кафедрасының студенттері қала және облыс деңгейінде өткізілетін қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.
Қаржы мамандығының студенті Тунгишбекова А. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен болашағы» тақырыбындағы XVI ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін 3-ші жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті Лесбекова Айкоркем «Здоровое путешествие» ойын-сауық фестиваліне, «Жас Отан» жастар қанатына белсенді қатысқаны үшін сертификат алды.
2016 жылғы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері үшін Ресей, Сингапур, Қытай және Еуропада жұмыс тәжірибесі бар көрнекті қайраткер және халықаралық кәсіпкер С.Бисекеевпен кездесу ұйымдастырды. Кәсіпкер С.Бисекеевтің «Табыс күнделігі» тақырыбындағы семинарына шақырылған студенттер өздері үшін көптеген пайдалы кеңестерді алды.
М.Сапарбаева атындағы ОҚГИ-ның 3-курс студенті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Лесбек Айкоркем 1.07.17-10.08.17 аралығында ҚР елордасы Астана қаласында 10.06.17-10.09.2017 аралығында өткен ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде волонтер болып жұмыс істеді.
2016 жылғы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері үшін Ресей, Сингапур, Қытай және Еуропада жұмыс тәжірибесі бар көрнекті қайраткер және халықаралық кәсіпкер С.Бисекеевпен кездесу ұйымдастырды. Кәсіпкер С.Бисекеевтің «Табыс күнделігі» тақырыбындағы семинарына шақырылған студенттер өздері үшін көптеген пайдалы кеңестерді алды.
Выпускница 2019 года по специальности «Государственное и местное управление» Лесбекова Айкөркем приняла участие в форуме молодежи «Казахстан-Россия».
Рейтингтік бақылау және аралық талдау кредиттік оқыту жүйесінің академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Пәндер бойынша студенттердің білім деңгейі мен іскерлік қасиеттерін тексеру аралық аттестаттау арқылы жүргізіледі.
Кафедра жұмыс берушілердің ұсыныстарын назарға ала отырып, мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге көп көңіл бөледі.
Бакалавриат студенттеріне кафедра ынтымақтасатын Қазақстанның және жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен университетаралық келісімдер шеңберінде Академиялық ішкі және сыртқы ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін кең мүмкіндіктер беріледі: бұл
Әріптес университеттермен ынтымақтастық туралы шарттар кафедралардың ғылыми зерттеулер, ақпараттық материалдар мен әдебиеттермен алмасу, түрлі конференцияларға қатысу саласындағы әріптестігін көздейді.
Кафедраның ПОҚ жетістіктері:
2017 жыл
Түркістан қаласы мектеп оқушыларымен кездесу!
Түркістан қаласы мектеп оқушыларымен кездесу!
2018 жылдың қараша айының 8-жұлдызы күні институтымыздың «Экономика» кафедрасы оқытушылары тарапынан Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларымен ҚР Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жыл, 5-қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы аясында «Сапалы білім – болашақ маманның тағдыры» атты іс-шара өтті. Іс-шараны экономика ғылымдарының кандидаты А.А.Иманбаев «Сапалы білім – болашақ маманның тағдыры» атты баяндамасымен бастап, жиналған жастарға Елбасымыз бастаған дара нұрлы жолымен жүруге, білімді маман болуға шақырды. Бұл іс-шараны өткізу мақсатымыз – жастардың ел экономикасы жайлы білімін дамыту және сапалы білімді мамандар қалыптастырудағы Елбасымыздың Жолдауын насихаттау. Іс-шараға Түркістан қаласы білім беру басқармасы өкілдері, Түркістан қалалық Хамза ат.№2, Ж.Жабаев ат. №11, М.Жұмабаев ат. №15 және Ғ.Муратбаев ат.№5 жалпы орта мектептерінен 200-ден астам оқушылар қатысты, іс-шараға сондай-ақ жергілікті баспа «Түркістан» газетінің өкілдері келіп қызығушылық танытты.
Мардан Сапарбаев институтында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
Студенттер стартап бизнес-жоспарлар сайысына қатысты – https://kz.otyrar.kz/2018/11/studentter-startap-sajysynda-ba%D2%9B-synady/
Студенттер стартап бизнес-жоспарлар сайысына қатысты – http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/mardan-saparbaev-instituty-zhas-kesipkerlerdi-koldaidy
Мардан Сапарбаев институты Ұлттық валюта күнін атап өтті. Мерекеге орай университет басшылығы өңір студенттері арасында «Менің арманым» атты StartUP жарысын ұйымдастырды. Өз бизнесі идеясын пайдаланатындар кәсіпкерлерден ақшалай сыйлықтар мен қолдау алды.
«Мемлекеттік жүйеде Қазақстанның Бірыңғай зейнетақы қорын дамыту» студенттік дебат турнирі
Мардан Сапарбаев Институтында «Экономика» кафедрасы «Ұлттық валюта-теңгенің 25 жылдығына» арналған қаржыгерлер апталығын өткізді. 14 қарашада «Экономика» кафедрасының студенттері «Мемлекеттік жүйеде Қазақстанның Бірыңғай зейнетақы қорын дамыту» тақырыбы бойынша дебаттар өткізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының жоспарына сәйкес, өңірлерде құрылған мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеуден өткен Мардан Сапарбаев институтының «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы» мамандығының студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpag» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушевтың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.А. Көмекбаевтың қатысуымен болған мемлекеттік қызмет мектебіне салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.
«Туризм» мамандығы студенттерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі
Еліміздің дамуы мен экономикасын өркендетуге ерен үлес қосқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың саналы, әрі сапалы өмір сүруге, рухани байлығымызды арттыруға шақырғандығы баршамызға аян. Осы мақсатты бағыттарымыздың жүзеге асуына ықпал танытқан Елбасымыздың 2018 жылдың, қараша айындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының рөлі де орасан зор. Мұнда, халқымызды рухани байлыққа жетелей отырып, төл тарихымызды бағалауға шақырған және халқымыздың мәдени-қасиетті қырларын көрсете білген маңызды мақалалардың бірі болды. Елбасымыздың мақаласы аясында бізде, Мардан Сапарбаев институтының «Туризм» мамандығы 1-курс студенттері, халқымыздың рухани жаңғыруына үлес қоса отырып сәуір айының 9-жұлдызында халқымыздан шыққан әлемге әйгілі ұлы ғұлама Әл-Фараби бабамыздың туылған өлкесі Отырар қаласына, ондағы Әл-Фараби бабамыздың ғылыми мұрағаттары сақталған Отырар мұражайына, сондай-ақ ислам әлемінің бағалы қазынасы болған «Арыстан баб» кесенесіне іс сапармен барып қайтты. Іс-сапар барысында бабаларымыздың халқымыздың ғылымы мен мәдениетінде орын қалдырған ғылыми еңбектері жайлы, олардың данышпандық өсиеттері жайлы және халқымыздың ерте замандардағы күн көрістері жайлы кеңінен маңызды мағлуматтармен танысты. Әрі қарай, «Арыстан баб» кесенесінің салынған жылдары және халқымыздың тарихында алатын орны жайында да үлкен мағлуматтар алып. Кесенеге келушілерді зерттеп, олардың көптігіне және әр тараптан келгендігін сараптап, ой жүгіртті. Туризм мамандығының зерттеу әдістеріне сай ой жүгірту барасында, тарихи мұрамыз болған Отырар өлкесі мұражайларына қонақтарды қабылдауды көбейту, қонақжайлылықты арттыру, яғни мұнда туризмді одан әрі дамыту маңыздылығы жоғары екендігіне көз жеткізді.
Мардан Сапарбаев институты, «Туризм» мамандығының 1-курс студенттері2019 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған «қаржы» мамандығының студенттері арасындағы «Білікті қаржыгер – өркениетті елдің бастауы» атты олимпиадасына экономика ғылымдарының кандидаты А.О. Демеубаеваның жетекшілігімен «Болашақ» командасы қатысып келді. Аталмыш білім жарысында біздің студенттеріміз өз білімдерімен көзге түсіп, жүзден жүйрік болып озып алға шықты. Олимпиада нәтижесі бойынша «Экономика» кафедрасының студенттері бас жүлдемен марапатталды.
Халықаралық әріптестік іс-шара нығаюда! Мардан Сапарбаев институтының «Экономика» кафедрасы мен Қырғызстандағы Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАМУ) «Қаржы және несие» кафедрасы оқытушылары арасындағы ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары арасындағы әріптестік іс-шаралар нығаю үстінде. Екі жақтама тараптар бойынша, ЖАМУ-дің «Қаржы және несие» кафедрасының меңгерушісі Қарбекова А.Б. тарапынан, ал біздің институтымыздың «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Шадиева А.А. тарапынан әр ай бойынша әріптестік іс-шараларды заманауи технологиялық үрдісте тиімді ұйымдастырып жатырған жұмыстары екі ЖОО тарапынан түзілген келісім-шарттағы әріптестік мәселелердің дамуына ықпал жасап отыр. Соңғы маңызды іс-шаралар есебінде атап айтар болсақ, Жалал-Абад мемлекеттік университеті, «Қаржы және несие» кафедрасының профессоры Зулпукаров А.З. тарапынан, біздің институттың «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттеріне жүргізіп жатқан «Микроэкономика» пәнінен онлайн-лекциясы, біздің студенттеріміздің білікті ұстаздан білім алуымен қатар, олардың сабақты заманауи инновациялық үлгіде алуы олардың танымдық дағдысы мен қатар қызығушылықтарын арта түсті. Профессор Зулпукаров А.З. қазіргі таңда «Микроэкономика» пәнінен төрт онлайн-лекция оқыды. 26-ақпан, 19,26-наурыз және 9-сәуір күндері аралығында лекциялар жүргізіп, мұнда студенттер: «өндіріс теориясы», «капитал және жер нарығы», «нарықтағы монополиялық және олигополиялық бәсеке» және «нарықтағы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік» туралы өте құнарлы, өзекті мәселелерді шешуге арналған нәтижелі білімдерге ие болды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Парманов М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенттерімен кездесті. Кездесуде мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлық-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды. Студенттерді А.Пармановтың өмірінен алынған оқиғалары қызықтырды. Өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас мемлекеттік қызметші ретінде ол студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік саладағы реформалар туралы әңгімеледі. Осы тұрғыдағы кездесулердің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа идеялары мен жаңа тәсілдерін ұсынуға қабілетті белсенді және жауапты жастарды тарту болып табылады.
21.01.2019 жылғы Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім негізінде Шымкент қ. Мардан Сапарбаев институтының э.ғ.к. Шадиева Айгүл Әмірханқызы 23.05.2019 жылы ЖАМУ «Қаржы және несие» кафедрасында ФКК-1-16 және БЭк-1-16 топтарының студенттеріне «Тауар белгілері, буып-түю және таңбалау» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Э.ғ.к. Демеубаева Ақмарал Оспанқызы 24.05.2019 жылы ЖАМУ экономика-заң факультетінің «Қаржы және несие» кафедрасында ФКК-1-16 және БЭК-1-16 топтарының студенттеріне «Жаһандық әлемдегі көшбасшылық және басқару» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2019 жылғы түлегі Нәрібек Бағдәулет Құдайбергенұлы «Экономика» мамандығы бойынша магистратураға грантқа түсті.
Мардан Сапарбаев институты бітіруші түлектермен мақтанады!
Қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының сапалы білім беруінің бір көрінісі, бітіруші мамандардың мамандығы бойынша жұмыспен қамтылу дәрежесінің жоғары болуында. Бұл орайда, Мардан Сапарбаев институтының бітіруші түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі өте жоғары екендігі айрықша атап өткен жөн. Бұл өз кезегінде аталып отырған жоғары оқу орыны нарық сұранымына сай, сапалы білім бергендігінің айғағы. Жұмыспен қамтылған түлектердің атап айтар болсақ, үстіміздегі 2019 жылы осы аталған оқу орынын бітірген «Есеп және аудит» мамандығының бітіруші түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, осы оқу ордасында «Экономика» кафедрасына қарасты «Қаржы» мамандығын бітірушілер өз мамандығы бойынша 83,5 пайызы, ал «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірушілер тиісінше 76,4 пайызы тұрақты жұмыс орнымен қамтылғандығын атап өткен жөн.
Туризм студенттері топ жарды!!! «27-қыркүйек – Халықаралық туризм күніне» орай Өскемен қаласындағы «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығы «Туризм» мамандығының 1-4 курс студенттері арасында Республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты студенттердің туризм саласына деген қызығушылығын арттырып, білімдері мен біліктіліктерін дамыту, дарынды студенттерді анықтау және марапаттау болды. Институтымыздың «Экономика» кафедрасы, «Туризм» мамандығының 2-курс студенттері Тасқараева Балжан, Усербаева Аружан және Шавкатов Сардор олимпиадаға қызығушылық танытып, белсене қатысты. Олимпиаданың тапсырмасы екі турдан тұрды. Бірінші турда студенттерге ұсынылған бағыттар бойынша презентация әзірлеу тапсырмасына – «Туризмде VR технологияларын енгізу мен даму перспективалары» тақырыбында презентация дайындады. Олимпиаданың екінші туры – ашық сұрақтардан, кейс тапсырмадан және тесттік тапсырмадан құралды. Екі турдан да мүдірмей өткен Институтымыздың «Туризм» командасы бірінші турдан – 9 балл, екінші турдан -94 балл жинап, олимпиаданың 1 дәрежелі дипломын иеленді.
2019 жылы 08-10 қазан аралығында «Экономика» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес «Бухгалтерлер апталығы» ұйымдастырылды. Бухгалтерлер апталығында ұсынылған жұмыстар бухгалтерлік есептің, ғылым ретінде дамуына арналды. Шымкент қаласындағы кәсіпорын бухгалтерлерімен – «Болашақтағы бухгалтер» тақырыбында кездесу өтті.«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Батырбеков Қ.П. сөз сөйледі. Ол бұл мамандықтың маңыздылығы туралы айтып, қазіргі уақытта дипломның болуы аз, бухгалтер сауатты, кәсіби біліктілігі жоғары, заң талаптарына сәйкес жұмыс істей алуы қажеттілігіне ерекше назар аударды. Студент кезінде студенттердің «ертеңге қалдыру» әдетін жақсы білетінін айтып, бухгалтер мамандығын таңдаған студенттер студент кезінен бастап орындаушылық, міндеттілік, тиянақтылық қасиеттерін дамыту қажеттілігін жете атап өтті. Бағдарлама бойынша студенттер «Өзіне сеніп, жетістіктерге ұмтылатындар үшін» ұранымен конкурс ұйымдастырып, қызықты баяндама мен слайдтарды даярлап ұсынды. Конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең- «Полиглот». Екінші кезең «Бәйге». Үшінші кезеңде конкурстың қатысушылары тест тапсырмасы бойынша жауап берді.
«Бухгалтерлер апталығы»мазмұнды әрі пайдалы болып өтті. Қатысушылар (басшылық, қонақтар, профессор-оқытушы құрамы, студенттер) бухгалтерлер күнін өткізу барысында қызықты ақпарат алғандарын атап өтті. «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер командада жұмыс істеу, тиянақты шешімдерді қабылдау, бастамашылықты таныту, лидер болу, творчестволық қабілеттіліктерін ашу дағдыларына ие болды, таланттар да анықталды. Әділ қазылар алқасының сөзінен кейін бухгалтерлер апталығы жеңімпаздары марапатталды.
Әділ қазылар алқасы құрамындағы комиссия шешім қабылдап, дипломдармен марапаттады:
Бухгалтерлер апталығына белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды:
«Есеп және Аудит» мамандығының УиАк-17-1 тобының студенті Ильяс Ж. Бухгалтерлер апталығының ең үздік презентациясы үшін марапатталды. • «Есеп және Аудит» мамандығының 3 курс УиАк-19-1 тобының студенттері – «Баланс» командасы Бухгалтерлер апталығының ерекше көрінісі үшін марапатталды.
«Есеп және Аудит» мамандығының 1 курс УиАк-19-1 тобының студенттері – «Актив» командасы Бухгалтерлер апталығының қабырға газетін ерекше рәсімдегені үшін марапатталды.
Кафедра меңгерушісі Шадиева А.А. «Бухгалтерлер апталығы» аяқталуымен құттықтап, барлық оқытушылар мен студенттерге іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
2019 жылғы 24 қазанда Шымкент қаласында Жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың, академиялық топтардың өкілдері мен жастарға арналған Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын іске асыру барысы туралы халықты хабардар ету бойынша іскерлік ойын түрінде кезекті семинар өтті.
Семинарды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ Даму Бағдарламасының, Азия даму банкінің Қазақстандағы АДБ өкілдігінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараны аша отырып, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Хамбар Бақытгүл барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарын шоғырландырудың, сондай-ақ халықтың барлық топтарын, атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарды қамтудың маңыздылығын атап өтті. Семинар шеңберінде БҰҰДБ әзірлеген іскерлік ойын өткізілді, ол өңірдің өзекті мәселелерін анықтауға, сондай-ақ тиімді шешімдер мен шараларды іздестіруге және әзірлеуге бағытталған. Бір үстелдегі іскерлік ойын 60-тан астам адамды жинады. Қатысушылар өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, ең перспективалы міндеттер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Экономика кафедрасының оқытушылары э.ғ.к. Шадиева А.А., э.ғ.к., доцент Исахметова А. Н. және ФК – 18 тобының студенттері Мұсабаев Даурен, ГМУк – 18 Даулетбаев Данияр іскерлік ойынға белсенді қатысты.
28 қыркүйекте Шымкент қаласының дендропаркінде Дүниежүзілік туризм күнін салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара бағдарламасы «Квест» ойынындағы жарысты, жұмыс берушілерді студенттермен және ашық аспан астындағы киномен таныстыруды қамтыды. Шараның ұйымдастырушысы-Шымкент қаласы әкімдігінің туризм басқармасы кеш соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етті. 5В090200 – Туризм мамандығының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырушыларға жағымды уақыт өткізгені және туризм саласындағы кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
28 қазанда Мардан Сапарбаев институтының «Туризм» мамандығының студенттері жастар мен туристік индустрия өкілдеріне арналған семинар – тренингке қатысып, ораторлық дағдыларды алуға, Шымкент қаласының туристік көрікті жерлерінің білімін жақсартуға, курстан өткені туралы сертификат алуға мүмкіндік алды. Семинарды ОҚО бас сәулетшісі Әшірбеков Бақытжан Шыныбекұлы – Ы. Алтынсарин орден иегері, Керхер Елена – Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша гид экскурсовод , Егенбердиев Рүстем – 10 жылдық өтілі бар Шымкент және Түркістан облысы бойынша гид экскурсовод жүргізді. Аталған іс-шараны Шымкент қаласының Туризм басқармасы, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Отбасы, балалар және жастар істері басқармасы, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
2019 жылдың 23 қазанында Мардана Сапарбаев институтының «Экономика» кафедрасының оқытушылары Көксәйек ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат үйіне барып, институт белсенділері танымдық, дамытушылық, көңілді ойындары балалаларға ұсынды.
5 қараша 2019ж. «Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі: сапалы және тиімді ғылым» атты республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Замануи қоғамдағы экономикалық дамудың өзекті мәселелері» секциясында барлығы 45 баяндама соның ішінде: 2 баяндама № 38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен, 5 баяндама Мирас университеті студенттерімен жасалды.
Конференция нәтижесінде:
1-орын Мардан Сапарбаев институты «Туризм» мамандығының 2-курс студенті Усербаева Аружан;
2-орын Мардан Сапарбаев институты «Қаржы» мамандығының 1-курс студенті Төретаева Ә;
3-орын Мирас университеті студенті М.Әнәпия иеленді.
Жүлделі орын алғандарға Академик М. Сапарбаев институты атынан сыйлықтар беріліп, дипломдар мен сертификаттармен марапаталды.
2019 жылдың 22 қараша күні «Экономика» кафедрасының «Жас экономист» үйірмесінің мүшесі ГМУ 17-1 тобының студенті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес кеңесші», «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына қатысып сертификат алған Даулетбаев Данияр Қайратұлы үйірме мүшелеріне «Кәсіпкерлік және қаржылық жоспарға кіріспе» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барсында Кәсіпкерліктің (бизнестің) түрлері, Неге кәсіпкерлікпен айналысу керек? Бизнес пен кәсіпкерлік адамға не береді? Бизнесті бастаудағы кедергілер, Бизнес қағидасы немесе кәсіпкер қандай касиетке ұмтылуы тиіс деген сұрақтар қойлылып студенттер өзара пікір алмасты.
1-2 ақпан аралығында «Гребенников» баспа үйі ұйымдастырған «Университет 4.0» электронды мазмұндағы кітапхана Grebennikon: қызмет көрсету стратегиясы, негізгі даму келешегі» ғылыми-пратикалық семинарға Мардан Сапарбаев институтының «Экономика» кафедрасының оқытушылары қатысып сертификаттар алды. Лекцияны «Гребенников» баспа үйі директоры Халюков А.В. жүргізді. Семинарда аталған баспа үйінің мәліметтерімен таныстырып, ПОҚ-на оны қалай пайдалану керек екенін көрсетті.
2020 жылдың 24 қыркүйк күні «Экономика» кафедрасында оқытушы А.Ю. Ереминаның ұйымдастыруымен Халықаралық туризм күні қарсаңында, «Түркістан облысында туризм инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында онлайн конференция өтті. «Туризм» мамандығының студенттері Тасқараева Балжан «Қазына» этно-тарихи кешені мен «Қасірет» мемориалына саяхат» тақырыбымен және Алтынбек Азиза «Ақ мешіт және Домалақ ана кесенесіне бір күндік тур», Шавкатов Сардор «Шымкент қаласы саябақтарына экскурсия» тақарыбында баяндамаларымен қатысты. Конференцияға «Туризм» мамандығының студенттері мен Мардан Сапарбаев институтының Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры э.ғ.к Казанбаева Ж.С., Экономика кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к Шадиева А.А. және кафедра оқытушылары э.ғ.к аға оқытушы Стаценко О.А., оқытушы Митрошенко Т.С. қатысты. Конференция ZOOM бейне платформасы арқылы өткізілді. Конференция барысында студенттер экскурсия жүргізушілердің дағдыларын меңгергендігін көрсете отырып, белсенді қатысты.
2020 жылдың 20-22 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері, оның ішінде М. Сапарбаев институтының «Экономика» кафедрасының «Туризм» мамандығының студенттері қатысты.
Қатысушылар: ТУР к18-1 тобы
Топ жетекшісі: Еремина А. Ю.
Мардан Сапарбаев Институты «Бухгалтерлер ассоциациясы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымымен бірлесе отырып 2020 жылдың 5 қазанынан 19 қазанға дейін бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында Халықаралық ЖОО-аралық қашықтықтан олимпиада өткізді.
Олимпиада3 кезеңді қамтыды. 1-кезеңде 5 қазаннан 14 қазанға дейін ЖОО-ның командаларынан олимпиаданың поштасына -msiolimpiada2020@mail.ru өтінімдер қабылданды. 2-кезеңде 15 қазан күні сағат 1000-де өтінімде көрсетілген электрондық мекен-жайларға олимпиаданың тапсырмасы жіберілді. Олимпиада тапсырмасы «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Қаржылық есеп», «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» пәндерінің негізгі тақырыптарын қамтитын 30 тест сұрағы (60 балл) және екі есептен (сәйкесінше 15 және 25 балл) құрастырылды.Тапсырмалардың жауаптарымен бірге қатысушы-командалары олимпиада ұйымдастырушылардың email-на, дәлел ретінде, тапсырмаларды шешу кезіндегі талқылаудың видеожазбасын (онлайн-сервистерZoom, Webex) жіберді.
3-кезеңде19 қазан күні олимпиада қорытындыланып, жеңімпаздар жарияланды.
Олимпиадаға Ресей Федерациясынан Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті, Қырғызстаннан Б.Осмонов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университеті, Нұр-Сұлтан қаласынан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ті және Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қаласынан Алматы Менеджмент университеті, Халықаралық Бизнес университеті және Нархоз Университеті, Түркістан қаласынан Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті, Шымкент қаласынан Мардан Сапарбаев Институты және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, жалпы 16 команда қатысты.
Олимпиаданың жеңімпаздарын анықтау сырттан шақырылған қазылар алқасына жүктелді. Қазылар алқасының мүшелері: «Бухгалтерлер ассоциациясы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының директоры Асанбекова С.Н. (төрайымы), «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер Палатасы бөлімінің бастығы Өткелбаев М.Д., «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бөлімінің бастығы Исаков С.У., «Дезфумэкс» ЖШС-нің директоры Шуменбаев Ж.К., «KNNGroup» ЖШС-нің бас есепшісі Батырбеков К.П.
Олимпиада қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі жеңімпаздар анықталды:
Олимпиаданың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды, барлық студенттер-қатысушыларға сертификаттар жіберілді.
20 қазанда әр қатысуша ЖОО-ға «Казпошта» арқылы ректордың атына алғыс хаттары, жеңімпаз дипломдары (жеңімпаз командаларға) және студенттердің сертификаттары жіберілді.
20 қазанда сағат 1330 «ONTYSTIK» телеарнасының қазақ тіліндегі жаңалықтарында олимпиада туралы сюжет көрсетілді.
27 қараша 2020 жылы Қазақстан және Орталық Азияның Алматыдағы өкілдігінің қызметкерінің қатысуымен «Онлайн-презентация программы АССА» атты тақырыпқа семинар болды. Онлайн-семинарды сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының Алматыдағы өкілдігінен Алтын Шакирханова және Асел Шкубарова өткізді. «Экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер онлайн-семинарға қатысты. Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы (ағылш. Association of Chartered Certified Accountants қысқ. ACCA) – қаржылық және бухгалтерлік мамандардың халықаралық қауымдастығына кіреді. Сертификатталған Бухгалтер (ACCA) ұйымның негізгі біліктілігі болып табылады, оған 13 кәсіби емтихан тапсырғаннан кейін, бухгалтерлік есеп маманының жетекшілігімен үш жылдық жұмыс өтілі және этика модулін тапсырғаннан кейін қол жеткізіледі.
ACCA кәсіби дағдыларды және білім мен біліктілікті қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы еңбек нарығында үнемі сұранысқа ие болатынына сенімділік береді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ел таңдаған – Елбасы» атты онлайн жүйеде тәрбиелік маңызы бар іс-шара өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, Тұңғыш Президент күні мерекесінің маңызыдылығы, Мемлекет Басшысының елімізді қалыптастыру мен дамытудағы рөлі туралы түсінік беру. Тұңғыш Президенттің жетістіктерін үлгі ете отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Шара ҚР Әнұранымен ашылып, «Тұңғыш Президент» атты слайд-презентациялар көрсетілді.
2020 жылдың 14 желтоқсанында сағат 11:00-де Институттың «Экономика» кафедрасы оқытушылары Текебаева Гаухар Дүйсенбаевна мен Қарақұлов Нұрдәулет Ғарифолаұлының ұйымдастыруымен «Мамандық әлеміне саяхат» атты онлайн жүйеде кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Конференцияға Шымкент қаласының №20, 49 және 69 орта мектептерінің болашақ түлектері қатысты. Конференция барысында «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Туризм» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларымен, Институт түлектерінің жұмысқа орналасу бағыттары таныстырылды.
11.11.2020 жылы Қазақстан қор биржасының ұйымдастыруымен «Биржевой симулятор» жобасы аясында өткізілген on-linе семинарға «Экономика» кафедрасының студенттер қатысты.
Кафедраның жетістіктері ретінде ПОҚ құрамында Е.З. Онласынов «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері., Б.А.Мархаева «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2016» атағының иегері және А.Байтұрсынов атындағы қола медаль иегері (2018ж.). А.Н. Исахметова Ы. Алтынсарин медалінің иегері. (2019 ж.) ., А. А. Шадиева Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі болып сайланды ; ҚР БҒМ құрмет грамоталары – С. Т. Қойбағарова (2017 ж.) және Н. Г. Қарақұлов (2020)
2020 жылдың 29 қыркүйегінде Шадиева Айгүл Әмірханқызы Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі болып сайланды.
Мархаева Баянслу Ахилбековна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2016» атағының иегері.
Мархаева Баянслу Ахилбековна А.Байтұрсынов атындағы қола медаль иегері. (2019 ж.)
2017 жылы Қойбағарова Салатанат Тоқтаровна ҚР БҒМ құрмет грамотасымен марапатталды.
2020 жылы Қарақұлов Нұрдаулет Гарифолаұлы ҚР БҒМ құрмет грамотасымен марапатталды.
Елбасының бастауымен ашылған «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі Қарақұлов Н.Ғ. Англияда білім алып, шетелден түйген тәжірибесін институтымызда жемісті қолдануда.
«Bilim — Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы » ҮЗДІК ҒЫЛЫМ КАНДИДАТЫ-2019″ республикалық байқауының жеңімпазы Коптаева Гульжамал Пернеевна І дәрежелі дипломмен марапатталды
«Bilim-Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ-2020» республикалық байқауының жеңімпазы Жаздыкбаева Дана Пернебаевна І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында
кафедра оқытушылары білім саласының дамуына қосқан үлестері үшін марапатталды.