Гуманитарлық пәндер кафедрасы 1996 жылы 1 қыркүйекте құрылды.
Кафедра мамандықтары келесі бағыттары бойынша:
– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (6В010200, 6В01302),
– Педагогика және психология (6В010300, 6В01101),
– Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу (6В0101000, 6В01201)
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау болып табылады. Кафедрада құрылған уақытынан бастап
кафедраны әр жылдары жоғары білікті, білімді мамандар басқарған. Атап айтар болсақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Великотская Людмила Александровна (1996 – 1997 ж.ж.); филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгалиева Асия Губашқызы (1998 – 1999 ж. ж.); тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аликулов Еркінбек (01.01.1999 – 01.11 ж. ж. басқарды. 1999 ж. ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сапарова Юлдуз Азимхановна (1999 – 2002 ж. ж.); тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Тұрмысбек Ахметұлы (2004 – 2005 ж. ж.); философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрасилова Гаухар Зұлпыхар қызы (2005 – 2006 ж. ж.); филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдахмет Құлахмет (2006 – 2008 ж.ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты Мұнашова Жәмиля Балқыбекқызы (2008 – 2009 ж. ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Шолпан Жақсылық қызы (2009 – 2012 ж. ж.). 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Джумагулова Гульнара Шингис қызы басқарады. Кафедраның білікті профессор-оқытушылар құрамы, педагогика ғылымдарының докторларынан, ғылым кандидаттарынан, магистрлерден тұрады. Қазіргі уақытта кафедрада 35 оқытушы, оның ішінде штаттық – 30 оқытушы: – 1 п.ғ. д., профессор, 1-PhD, ғылым кандидаты-11, 8 – аға оқытушы, оның ішінде 5 оқытушы ғылым кандидаты дәрежесімен, 16-магистр еңбек етуде.
Кафедраның құрылған күнінен бастап өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан танымал педагогтар, білім ардагерлері жұмыс атқарды. Олар : т.ғ. к., доцент Керимов Сатай Керімұлы, т. ғ. к., доцент Ахметов Тұрмысбек Ахметұлы, аға оқытушы Беркімбаева Балымша Тәжібайқызы, п. ғ. к., доцент Великотская Людмила Александровна, п. ғ. к. Есенгалиева Асия Губашевна, П. ғ. к., доцент Сапарова Юлдуз Азимхановна.
Кафедрамыздың профессор-оқытушылары ҚР педагогикалық білім мен ғылымды дамытудағы еңбегі үшін жоғары дәрежедегі белгілеріменен марапатталған. Атап айтар болсақ, п.ғ. д., профессор И. Б. Сихымбаев «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
п.ғ. к. т. М. Мамбеталиев Санкт-Петербург (Ресей) Акмеология ғылымдары академиясының корреспондент – мүшесі, «Білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері » төс белгісімен марапатталған.
п.ғ. к. Садирмекова Ж.Б. «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, п.ғ.к.Ж.Б. Мұнашова «Білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен, сондай-ақ «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.
п.ғ. к. Джумагулова Г. Ш. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының кореспондент – мүшесі, «Ы.Алтынсарин», «Білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері» атақтарының иегері.
т.ғ.к. Абдухаимов Е.Ф. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының кореспондент мүшесі болып табылады.
Бүгінгі таңда кафедрада бір қатар тәжірибелі профессор оқытушыларымыз еңбек етуде: п.ғ. д., профессор Сихымбаев И. Б., ф. ғ. к., Нурахов Е.Б.,п.ғ.к., доцент, Мамбеталиев Т. М., п.ғ.к., доцент Садирмекова Ж. Б., п.ғ.к. Мунашова Ж. Б.
Кафедраның ғылыми әлеуетінің өсуі кадрлық құрамды, көпжақты әдістемелік қызметті жетілдіруде байқалады. Бүгінгі таңда, кафедраның көп аспектілі қызметі оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары бағытында жүзеге асырылуда. Кафедрада кеңейтілген ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс жасайды. Семинар барысында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденістерінің нәтижелері, баяндамалары ұсынылады.
Қазіргі уақытта кафедраның ПОҚ «Мәңгілік Ел» патриоттық акт тұрғысынан білікті педагогикалық кадрларды даярлау» ғылыми бағыты бойынша еңбек етуде. ПОҚ ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіруде жемісті жұмыс жасайды, білім беру бағдарламалары дайындалып, оларды жетілдіруге белсенді қатысады.ТМД және алыс шетелдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты жүзеге асырады, кафедра мүшелерінің халықаралық конференцияларға, халықаралық жобаларға қатысады. ҒЗЖ нәтижелері оқу процесінде пайдаланылады – дәрістік және зертханалық–практикалық сабақтардың мазмұнында қамтылады. Кафедра әртүрлі әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жүргізеді. Кафедра студенттері жыл сайын студенттік конференцияларға белсенді қатысып, институт және республикалық конкурстарында жүлделі орындарға ие болды.
Халықаралық серіктестік қарым – қатынастар тұрғысынан алғанда Р.Державин атындағы Тамбов Мемлекеттік университетімен (Ресей Федерациясы, Тамбов қ.) «Педагогика және психология», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ үшін. бірлескен білім беру қызметін жүзеге асыру жобасына дайындық жұмыстарын жүзеге асыруда. Кафедраның ПОҚ Тамбов мемлекеттік университетінің ғылыми практикалық конференцияларында бірлескен ғылыми мақалалар жарық көруде. «Педагогика және психология» және «бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ үшін Кубан Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университетімен шарт жасау жоспарлануда. Гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Джумагулова г. Ш. Нуржанова Г., Бейсекова Р. Т., Жәнібекова Г. О. Кубан Мемлекеттік дене шынықтыру және туризм университетінің «Дене шынықтыру, спорт-ғылым және тәжірибе» ғылыми – әдістемелік журналында ғылыми мақалалары жарияланды. Кафедраның ПОҚ еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарында біліктіліктерін арттыруда. Атап айтар болсақ, п. ғ. к. Джумагулова Г. Ш., магистрлер Жанибекова Г. О. Есмуратова Ұ. А. 2019 жылы Ташкент қаласында өткен «Инклюзивті білім берудегі критериалды бағалау» атты ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
Магистр Колдас Г.Б. Рязань қаласындағы (Ресей) «Бизнес және басқару аймақтық институтында» «Психология және педагогика» қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша біліктілік курстарынан өтті.
Магистрлер Бектурсынова Д.Т., Токбергенова И.А. «Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері және оның даму болашағы» тақырыбы бойынша Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінде инновациялық технологиялар және әлеуметтік сараптама орталығында (Ресей) тәжірибелерін жоғарлатты. Кафедра магистрі Турсынбаева А.З. Қазақ технология және бизнес Университетінде «Гуманитарлық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар» курсынан біліктілігін жоғарлатты,
Магистр А.С. Жолдасбек И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (Қырғызстан. Бішкек) «Компаративтік талдау контексінде ХІХ ғасыр тарихын оқытудағы инновациялық тәсілдер » курсы бойынша біліктілігін арттырды.
Кафедраның ПОҚ ғылыми-білім беру қызметін болашақ мамандарды даярлау аясында байқауға болады. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері бірнеше жыл бойы қаланың жоғары оқу орындары арасында Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Кафедра түлектері Қазақстан Республикасының және аймақтың әртүрлі оқу орындарында табысты еңбек етуде.
Сонымен қатар, кафедра студенттері заманауи психологиялық-педагогикалық білімдерін меңгерудің арқасында республикалық пәндік олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда.
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен және оларды жұмысқа қабылдау шарттарымен бірлесіп қалыптастырылады. Егер статистикаға жүгінетін болсақ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы түлектерінің 91% және «Педагогика және психология» мамандығы түлектерінің 84% , «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығы түлектерінің 95% ресми түрде жұмысқа орналасқанын атап өтуге болады.
Бұл нәтижеге институтымыз дәстүрлі түрде облыстық жұмыс берушілерінің қатысуымен өткізілетін «Бос орындар жәрмеңкесі » ықпал етеді, олар ЖОО-ның болашақ түлектеріне кеңес беріп және бос орындарына ие болады. Жұмыс берушілердің бір қатары және олардың өкілдері институттымыздың түлектері болып табылады.
Кафедра түлектері жоғары мектептің стандарттары мен озық дәстүрлеріне сәйкес ғылыми біліммен қарулануда. Олар құзыретті және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуына кафедраның ПОҚ талмай еңбек етуде.
SILKWAY Халықаралық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша өткізілген XI Республикалық пәндік олимпиадасы
Қызыкты психология. Максаты: Студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту жəне олардың ішкі дуниесін тануға арналған тренингтер. ППк 16- 1 тобының студенттерінің практикалык тұрғыдағы ашык сабағы Жетекші. Бектурсунова Динара Талғатбекқызы
«Кітап оқып, рухани бай бол» жобасы аясында Бәйдібек ауданының киелі жерлеріне саяхат және «Қаламгер ел ішінде» жазушы М.Байғұтпен кездесу Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық Мәдениет үйінде өтілді Бұл іс-шараға жазушы М.Байғұт. А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК директоры Ш.Динасилова. А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Шардарбекова Ы.Алтынсарин атындағы директоры З.Бекежанова, Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Сембекова, «Қызмет» республикалық қоғамдық саяси газетінің директоры Б.Нарымбетова, кітапхана қызметкерлері,ЖОО студенттері , Бәйдібек ауданының зиялы қауым өкілдері, аудан басшылығы, АОКЖ директоры мен қызметкерлері М.Сапарбаев институтының оқытушысы п.ғ.к. Ж.Б.Мунашева және осы кафедраның «Жас ұстаздар мектебі» үйірмесінің мүшелері қатысты.
17 АҚПАН 2021 ЖЫЛЫ « ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ,ЖОЮ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.МАҚСАТЫ: «СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚ» ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ ТҮСІНДІРІП,ПАЙДА БОЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ,ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН БОЛДЫРМАУДЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТТАУ,ӨЗ МЕМЛЕКЕТІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА ЖӘНЕ ӘДІЛДІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ.ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ «БАСТАУЫШ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДіСТЕМЕСІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҚАТЫСТЫ.