Достар!
Сіздер тарихтағы алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркеліп жатырсыздар! Құттықтаймыз!
🔹Наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде.
🔹 Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі.
🔹Тестілеу құны: 2242 теңге.
🔹Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
🔹Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі. Тіркелу барысында қай ҰБТ өткізу пункті жұмыс істейтіні көрсетіледі.
✅ҰБТ-ға тіркелу туралы толық нұсқаулық осы видеода келтірілген.
👍Сәттілік тілейміз!