1.Жатақханадан орын алу үшін ең алдымен студенттерге факультет деканатына немесе электрондық сілтеме арқылы (https://www.msi-edu.kz/?page_id=10149&lang=kk) өтініш беру керек;
2.Төрт орынды студенттерге арналған бөлмеге 2 студенттен орналастыру;
3.Бүкіл әлемде болып жатқан пандемияға байланысты студенттер короновирус инфекциясынан сақтану жолдарын білу керек.
3.1.Бетперде тағу және әр 2 сағат сайын ауыстыру;
3.2.Антисептикті жиі-жиі қолдану;
3.3.Қашықтықты сақтау;
3.4.Үнемі қолды жуып жүру;
3.5.Адамдар көп жиналатын орындарға бармау.
4.Жатақханада тұратын әрбір студент жатақхананың ішкі ережелерінде көрсетілген талаптарды толық орындауға міндетті. Ережеде көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда студент жатақханадан шығарылады және ішіндегі жиһаз бен өзге материалдық мүліктерді сындырған жағдайда айыппұл (штраф) төлету арқылы акт жасалып, материалдық шығын толық өндіріледі.
5.Жатақхана ішінде санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтау қажет:
5.1.Бөлмені күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізу;
5.2.Әр бөлмені жиі желдетіп отыру;
5.3.Әр бөлмеге уақытымен кварц пайдалану.